427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Иранға әуе сапарларын уақытша тоқтатты

  • 290
  • UPD: 13:44, 20.07.2020

Оған көрші елдегі коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемдік статистиканы жариялап отыратын «Worldometer» мәліметіне сәйкес, Ислам Республикасында расталған деректер саны 273 мыңнан асады. Алайда Президент жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің есебі негізінде басқа мәлімдеме жасады. Хасан Руханидің айтуынша, шынайы деректер 25 миллион шамасында. Президент тағы 30-35 миллион ирандыққа коронавирусты жұқтыру қаупі төніп тұрғанын да айтты. Осы ретте елде карантин күшейтілді. Мәселен, Тегеранда бір аптаға діни және мәдени шараларды өткізуге тыйым салынды. Сонымен қоса дәмханалар, бассейндер, ойын-сауық саябақтары мен хайуанаттар бағы да жабық тұр.

Хабар 24 телеарнасы