423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияның солтүстік-батысында жойқын жарылыс болды

  • 250
  • UPD: 21:26, 20.07.2020
Сирияның солтүстік-батысында жойқын жарылыс болды

Қайғылы оқиға Аазаз қаласының маңында тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркия шекарасына жақын Сикку елді мекенінде көлікке қойылған жарылғыш іске қосылады. Салдарынан бес адам қаза тапты. Тағы 85 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. Олардың басым бөлігі ауыр халде жатыр. Айта кетейік, Аазаз қаласы 2016 жылдан бері Анкара тарапы қолдайтын бүлікшілер бақылауында. Түркия Ирак және Левант лаңкестік ұйымы деп санайтын күрд жасақтарынан өңірді босату кезінде шаһарды басып алған болатын. Әзірге жарылысты ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы