425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Илон Маск әлемдегі ең бай бес адамның қатарына енді

  • 289
  • UPD: 11:00, 21.07.2020
Илон Маск әлемдегі ең бай бес адамның қатарына енді

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Forbes мәліметтері бойынша әлемдегі ең бай адамдардың бестігіне енді.

Forbes бойынша Масктың байлығы 74,2 млрд долларды құрайды. Наурыз айының ортасында Илон Маск Forbes тізімінің 31-сатысында тұрған. Содан бері оның байлығы үш есе өсті, ал Tesla акциялары 2020 жылдың басынан бері шамамен 300% қымбаттады.

Ең бай адам атағын 189 млрд доллар байлығымен Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос иеленсе, екінші орында 113,8 млрд доллар байлығы бар Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) басшысы Бернард Арно, үшінші орында Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс 113,4 млрд доллар байлығымен тұр. Одан кейінгі төртінші орынды Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг иеленді. Оның байлығы 90,3 млрд долларды құрайды.

Айта кетсек, бұған дейін Илон Масктің әлемдегі ең бай адамдар ондығына енгені туралы жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы