424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пандемия кесірінен әлемдегі әрбір бесінші жас адам жұмыссыз қалды

  • 254
  • UPD: 23:46, 22.07.2020
Пандемия кесірінен әлемдегі әрбір бесінші жас адам жұмыссыз қалды

КОВИД-19 салдарынан әлемдегі әрбір бесінші жас жұмыссыз қалды. Бұл туралы БҰҰ хабарлайды.

Дағдарысқа дейін жасы 29-ға келмеген 178 миллион адам пандемиядан ең көп зардап шеккен секторлар - бөлшек сауда мен туризм саласында еңбектенген. Олардың 77 проценті заңсыз жұмыс істесе керек. Пандемия сондай-ақ жастарға білім беру процесі мен мамандар даярлау жағына да  кесірін тигізген. БҰҰ өкілдері шұғыл шара қабылдамаса, бұл мәселе ондаған жылға созылып кетуі мүмкін дейді. 

Эллиот Харрис, БҰҰ Бас экономисі:

- Соңғы 20 жыл бойы бүкіл әлем жастарының 20 проценті жұмыссыз жүр және кәсіптік-техникалық білім алмай келеді. Ол аздай, коронавирус өршіп, еңбек нарығындағы жағдайды одан да бетер ушықтырып жіберді. Бізде 15 жыл ішінде жастарға 600 миллион жұмыс орынын құру жоспары болған. Пандемия басталмай жатып, ол толық орындалмай келген еді. Енді қазіргі жағдайда бұл көрсеткіштерге жету қиын болары сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы