426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда вирус жұққандар саны 2,4 млн адамнан асты

  • 174
  • UPD: 11:03, 27.07.2020

Бразилияда коронавирус жұқтырғандар қатары 2 миллион 400 мыңнан асып, 87 мыңы осы кеселден көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, соңғы тәулікте тағы 25 мыңға жуық адамнан инфекция анықталды. Елдің 10 штатында індеттің таралу қарқыны бәсеңдемей тұр. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты Рио-де-Жанейрода Жаңа жыл мерекесі бұрынғыдай тойланбайтын болды. Ел астанасының Копакабана ауданында өтетін мерекелік шараларды тамашалауға жыл сайын 3 миллионға жуық саяхатшы баратын. Бұған дейін Сан-Паулу қаласының билігі де қысқы карнавалды кейінге қалдырған еді.

Хосе Барбоса, турист:

- Адамдар пандемияның қауіпті екенін түсінеді. Індет өршіп барады. Әрине Риода мерекелік кештердің, іс-шаралардың өтпейтіні көңіл-күйімді түсірді.

Хабар 24 телеарнасы