426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лукашенко Ресейдің әскери компаниясының сарбаздары ұсталуына байланысты шұғыл жиын өткізді

  • 220
  • UPD: 12:20, 30.07.2020

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен жиын өткізді. Оған Минск маңында Ресей жекеменшік әскери компанияның сарбаздары ұсталуы себеп.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы елдің Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қызметкерлері 33 ресейлікті тұтқындаған еді. Кейін олардың есімдері БАҚ-та жарияланды. Александр Лукашенко Ресей тарапы мәселеге қатысты түсініктеме беруі тиіс,-дейді.

Александр Лукашенко, Беларусь Президенті:

- Ресей тарапы ақталуға тырысып жатыр. Тіпті оларды ел аумағына өзіміз кіргізді дегенді меңзеп отыр. Теріс пиғылдарын осылай ақтамақ. Сондықтан бұл оқиғаға қатысты барлығы айқын әрі ашық болуды қалаймын.

Кейін осы оқиғаға қатысты Ресей тарапы пікір білдірді. Ресей Мемлекеттік Думасының ТМД істері жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Калашников «Мәскеу Лукашенконы әрдайым қолдайды және ешқашан мұндай қадамдарға бармайды» деді. Ал Беларусь аумағында ұсталған азаматтардың жекеменшік әскери компанияның қызметкерлері екендеріне күмән білдірді.

Хабар 24 телеарнасы