430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Трамп: Вирустың таралуы бәсеңдеді

  • 206
  • UPD: 11:45, 04.08.2020

Дональ Трамп карантиндік шектеу шаралары инфекцияның таралуына тосқауыл бола алмайды деген пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент АҚШ-та коронавирус індетінің таралуы бәсеңдей бастады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, елде вирус жұқтыру дерегі өткен аптадан бері 6 процентке қысқарған. Аурудың ошағына айналған АҚШ-тың оңтүстігі мен батысындағы жағдай да тұрақталып келеді. Мәселен, Аризонада бір аптада науқастардың саны 37 процентке, Техаста 18,7 ал Флоридада 21,2 процентке азайған. Бірақ өлім-жітім көрсеткіші әлі де болса көңіл көншітпейді. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бір аптада «Ковид-19-ға» шалдыққан 8 жарым мың науқас көз жұмды. Осылайша ауру құрбандарының саны 115 мыңнан асып отыр.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Шектеу шаралары мәселені шешпейді. Америкалықтар осыны түсіну керек.  Карантин салдарынан елдің экономикалық ахуалы мәз болмай тұр. Шет елдерде көріп тұрғандарыңыздай, инфекция қайта өрши бастады. Бүгінде вакцина дайындауда оң нәтижеге қол жеткіздік. Коронавирусқа қарсы препарат биыл дайын болуы мүмкін.

 

Хабар 24 телеарнасы