428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та карантин ережелерін бұзушылармен күресте тың тәсіл қолданылуда

  • 309
  • UPD: 11:35, 07.08.2020

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының басшылығы карантин ережелерін бұзушылармен күресудің тың тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді жасырын түрде сауық кештерін өткізген азаматтардың үйінде су мен жарық ажыратылады. Өйткені соңғы уақытта шаһарда жастардың жаппай жиылып, шектеу шараларын бұзу оқиғалары жиілеп кеткен. Биліктің мұндай қадамға баруы бекер емес. Өйткені Лос-Анджелес өңірінде соңғы тәулікте 2 мың 300-ден аса жаңа дерек расталса, солардың 60 проценті – 18 бен 49 жас аралығындағы тұрғындар болып шықты. Жалпы, осы Лос-Анджелес қаласы орналасқан Калифорния штаты АҚШ бойынша вирус өршіп тұрған өңірлердің бірі саналады.

Эрик Гарсетти, Лос-Анджелес қаласының мэрі:

– Біз барлар мен түнгі клубтардың барлығын жауып тастадық. Тұрғындар үйде сауық кештерін ұйымдастырып, бұл орындар түнгі клубтарға айналды десек артып айтпаған болармыз. Ал ол шектеу шарасын бұзу саналады. Сондықтан енді сауық кештерін өткізген жағдайда, 48 сағат ішінде сол үйде жарық пен су өшіріледі.

 

 

Хабар 24 телеарнасы