429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияда төтенше жағдай тағы бір айға ұзартылды

  • 284
  • UPD: 20:39, 07.08.2020
Арменияда төтенше жағдай тағы бір айға ұзартылды

Армения төтенше жағдайды тағы бір айға ұзартпақ, хабарлайды «Хабар 24».

Ел коменданты Тигран Авинян осылай мәлімдеді. Республикада қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 40 мыңға таяп, соңғы бір тәулікте тағы 166 адам індетке шалдыққан. Қазір Арменияда 350 адам аса ауыр халде жатыр. «Бұл – індеттің өршу кезеңімен салыстырғанда екі есеге төмен», - деп мәлімдеді елдің Денсаулық сақтау министрі. Соған байланысты ауруханалардағы орындар қысқартылып жатыр. Дегенмен, Арменияның үкімет басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдайды әлі де күрделі деп санап, халықты босаңсымауға шақырып отыр. Ал, ел коменданты төтенше жағдайда енгізілген бірқатар шектеудің жақын арада алынып тасталатынын хабарлады.

Тигран Авинян, вице-премьер, Арменияның коменданты:

- Шетелдік азаматтардың елге кіруіне рұқсат етіледі. Сондай-ақ белгілі бір тауарлардың экспортына бірқатар шектеулер, митингтер және қоғамдық іс-шаралар өткізу мәселелері қайта қаралатын болады. Бұл шектеулердің алынып тасталуы, әрине, эпидемиологиялық жағдайға, оң динамиканың сақталуына, сондай-ақ белгіленген ережелерді қалай сақтайтынымызға байланысты болады.

Никол Пашинян, Арменияның премьер-министрі:

- Елде соңғы уақытта байқалған оң динамика өзімен бірге жайсыз жаңалықтар да әкелді. Азаматтар көрсеткіштердің төмендеуінен эпидемияға қарсы ережелерді сақтамай, талаптарды бұза бастады. Көптеген адамдар «коронавирусты жеңдік» деп те ойлайды. Бірақ бұл мүлдем олай емес!

Хабар 24 телеарнасы