428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейрутте жарылыстан 60-тан астам адам із-түзсіз жоғалды

  • 279
  • UPD: 20:53, 08.08.2020
Бейрутте жарылыстан 60-тан астам адам із-түзсіз жоғалды

Бейрутте болған жарылыстан кейін елде 60-тан астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мәлімдеді. Айта кетейік, соңғы деректер бойынша, Бейруттегі апаттан опат болғандар саны 154-ге жетіп отыр. 5 миллионға жуық азамат зардап шекті. Үйлерінің қирауы салдарынан  300 мыңдай адам баспанасыз қалды. Қазір мамандар жойқын жарылыстың себебін анықтау мақсатында тергеужүргізуде. Оның алғашқы нәтижесін Ливан билігі 10 тамызда жариялауға уәде берді.

 

Хабар 24 телеарнасы