426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда мина қойылған көлік жарылып, 7 полицей қаза тапты

  • 207
  • UPD: 14:29, 09.08.2020
Ауғанстанда мина қойылған көлік жарылып, 7 полицей қаза тапты фото: news.liga.net

Ауғанстанның орталық бөлігіндегі Газни қаласында болған жарылыстан жеті полицей қаза тауып, тағы 15 қызметкер жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат елдің TOLONews телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, оқиға 8 тамыз күні кешке болған. Қоғамдық қорғаныс күштері бөлімшесінің жанында мина қойылған көлік жарылған. Жарылыстан кейін бірден бөлімшеге шабуыл жасалған. Бірақ шабуылдаушылар көп ұзамай жойылды.

Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Тарик Ариан жарақат алғандар Кабулға тікұшақпен жеткізілгенін, олардың үшеуінің жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Әзірге ешқандай террористік топ шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы