432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда шектеу шаралары 2021 жылға дейін алынбайды

  • 297
  • UPD: 18:48, 10.08.2020
Иранда шектеу шаралары 2021 жылға дейін алынбайды ria.ru

Иранда коронавирусқа қатысты енгізілген шектеу шаралары жуық арада жеңілдетілмейді, хабарлайды «Хабар 24».

Керісінше, 2021 жылғы қаңтардың аяғына дейін күшін жоймайды. Бұл туралы Ислам Республикасының президенті жария етті. Айта кеткен жөн, ресми мәлімет бойынша мұнда расталған деректер саны 327 мыңға жуықтайды. 18500-ге жуық тұрғын көз жұмған. Алайда, жуырда BBC тілшілері өзге ақпаратты жария етті. Журналистердің жүргізген зерттеуі елде COVID-19 құрбандарының шынайы саны 3 есе көп болуы мүмкін екенін көрсеткен. Алайда, Иран билігі ресми статистикадағы мәліметтердің бұрмаланбағанын айтып, бәрін жоққа шығарып отыр. Жалпы Ислам Республикасында наурыз бен сәуірде вирусты жұқтыру деректерінің күрт артуы байқалған. Ол кезде күніне 3 мыңнан аса жаңа оқиғалар тіркелетін. Мамырда билік эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғанын мәлімдеген еді. Алайда, маусымның ортасынан бері жағдай өзгеріп, коронавирус қайта өршіп барады.

Хабар 24 телеарнасы