423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда коронавирус таулы аймақтағы шипажайларға таралды

  • 192
  • UPD: 15:08, 11.08.2020
Грузияда коронавирус таулы аймақтағы шипажайларға таралды

Грузияда коронавирус кеселі таулы аймақта орналасқан шипажайларға да жетті.

Вирус жұқтыру деректерінің көптігіне байланысты ел билігі осы ауданда енді бір айлық карантин режимін енгізбек. Осыған байланысты жергілікті халыққа көмек көрсету штабы құрылды. Коронавирустың таралуын тежеу мақсатында, аймаққа кіріп шығу шектелді. Одан бөлек қауіпсіздік мақсатында барлық мекеме қызметін тоқтатпақ. Тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар, банктер ғана жұмыс істейді. 

Екатерина Тикаридзе, Грузияның денсаулық сақтау министрі:

- Қазір коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған азаматтарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар тұрғындар үшін аурухана салынып жатыр. Дер кезінде қабылданған шараларға байланысты науқастар саны көп болады деп ойламаймыз.

Хабар 24 телеарнасы