429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аквариумға қамалған екі кит бостандыққа жіберілді

  • 209
  • UPD: 15:47, 11.08.2020

Шанхайда аквариумда тұтқында болған екі белуга киті босатылды. Олардың ендігі мекені Исландиядағы Клетсвикк шығанағы.

Ол жерде тұтқында болған ірі теңіз сүтқоректілеріне арналған әлемдегі алғашқы табиғи қорық бар. Ақша және Сұрша деп аталатын екі белуга киті осыдан бір жыл бұрын Қытайдың Шанхай қаласындағы аквариумнан босатылып әкелінген. Оларды табиғи ортаға қайтару жобасымен «Си Лайф Траст» теңіз жануарларын қорғау және құтқару қайырымдылық ұйымы айналысты. Киттер бір жыл бойы бейімделу курсынан өтті. Оларға сигналдарды қайта тану, өлі тері қабаттарын тастарға үйкеп тазарту үйретілді.

Энди Бул, «Sea Life Trust» қорының басшысы:

- Оларды суға жібермес бұрын біз үш нәрсеге көзімізді анық жеткізіп алғымыз келді. Әуелі олар не жейді және қанша жейді. Екіншіден, олардың денсаулығында кінараттың бар жоғын ветеринарлар үзбей бақылады. Үшіншіден, ашық бассейнде шақырған сәтте медициналық бақылаудан өтуден бас тартпайтынына көз жеткіздік.

Хабар 24 телеарнасы