432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения наурызда жарияланған төтенше жағдайды ұзартты

  • 197
  • UPD: 17:41, 12.08.2020
Армения наурызда жарияланған төтенше жағдайды ұзартты

Арменияда коронавирусқа байланысты наурызда жарияланған төтенше жағдай тәртібі тағы бір айға, яғни 11 қыркүйекке дейін ұзартылды. Тиісті шешім үкіметтің кезектен тыс отырысында қабылданған.

Билік жаңа деректер саны азайғанымен, өлім-жітім әлі көп екенін айтады. Дегенмен, кейбір шектеу шаралары жеңілдетілетін болды. Мәселен, кісі көп жиылатын шаралар өткізуге рұқсат беріледі. Бірақ қатысушылардың барлығы маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек. Отбасылық шараларды ұйымдастыруға да рұқсат. Тек адам саны 40-тан аспауы шарт. Сондай-ақ елге өзге мемлекет азаматтарының кіруіне қатысты шектеулер де алынып тасталады. Жалпы Арменияда коронавирусты жұқтыру дерегі 41 мыңға жуықтады. Оның 800-ден астамы індеттен көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы