429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада коронавирусқа қарсы шетелдік вакциналар сыналатын болды

  • 117
  • UPD: 18:22, 13.08.2020

Мексика билігі ел аумағында коронавирусқа қарсы америкалық және қытайлық вакциналарды сынақтан өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, Латын Америкасындағы бұл мемлекет қазір 3 шетелдік компаниямен келісімшартқа отырған. Екпе тиімділігін көрсетсе, сынақтан өткізу жұмыстары қыркүйекте басталып, келер жылдың қаңтарына дейін жалғасады.

Марсело Эбрард, Мексиканың сыртқы істер министрі:

– Бұл – өте қуанышты жаңалық. Біз бір америкалық және 2 қытайлық компаниямен меморандумға қол қойдық. Олар вакциналарын сынақтан өткізу жұмыстарының соңғы үшінші  кезеңін біздің елде жүргізеді. Қазір екпе бойынша басқа да компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Негізі, осы Мексикада расталған деректер саны жарты миллионға таяп қалды. 54 мыңға жуық тұрғын коронавирустан көз жұмды. Мұнда сондай-ақ «Ковид-19» құрбандары арасында медициналық дәрігерлер көп. Бұл көрсеткіш АҚШ-пен салыстырғанда 4 есе, Бразилиямен салыстырғанда 8 есе жоғары.

Хабар 24 телеарнасы