426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та коронавирусты радиациямен емдеу ұсынылды

  • 196
  • UPD: 09:45, 14.08.2020
АҚШ-та коронавирусты радиациямен емдеу ұсынылды

Америка Құрама Штаттары мен Канада мамандары коронавирусты сәулелі терапиямен емдеуді ұсынды.

Мамандардың пікірінше, сәулелі терапияны қолдану коронавирустан болатын өлім жағдайларын 20% төмендетуі мүмкін, ал төмен дозада радиацияны қолдану аурудың токсикологиялық әсерлерін жояды.

Бұл әдіс COVID-19 жұқтырған он пациентке қолданылып, сынақтан өткен. Тәжірибелік емдеуден кейін науқастар үш күнде жазылып шыққан. Әдетте, коронавирустан кем дегенде 12 күнде сауығады.

Зерттеу авторлары сәулелі терапияның кері әсері болмағанынн айтуда.

Хабар 24 телеарнасы