432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда нөсер жаңбыр 63 адамның өмірін қиды

  • 211
  • UPD: 12:56, 17.08.2020
Суданда нөсер жаңбыр 63 адамның өмірін қиды

Суданда нөсер салдарынан кем дегенде 63 адам қаза болды.

«Маусым айының соңынан бастап 63 адам нөсер жаңбырдың құрбаны болды», - делінген елдің ұлттық азаматтық қорғаныс кеңесінің хабарламасында.

Сондай-ақ 14 118 үй мен 119 мемлекеттік ғимарат толықтай қираған. Тағы 16 240 үй қатты бүлінген.

Өткен аптада Суданда нөсер жауыннан 21 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы