420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Панамада карантин режимі жеңілдеді

  • 171
  • UPD: 10:47, 18.08.2020
Панамада карантин режимі жеңілдеді

Панамада карантин режимі жеңілдеп, ел бұрынғы тыныс-тіршілігіне орала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір аймақтағы шаштараздар мен сауда орталықтары ашылып жатыр. Қоғамдық орындарда барлық санитарлық талаптардың сақталуы жіті қадағалануда. Сарапшылардың пікірінше, коронавирус пандемиясының салдарынан Панама экономикасы 4%-ке дейін құлдырауы мүмкін. Ел тұрғындары болса, екі қолға бір күрек таба алмай әлек. Статистикаға сәйкес аймақта жұмыссыздық деңгейі 14%-ке дейін өсті. Бүгінде Панамада 82 мың адам коронавирус індетіне шалдыққан. Шамамен 1700 науқас COVID-19-дың құрбаны болды.

Ал, Гаитиде мектептер 5 айлық карантиннен кейін қайта ашыла бастады. Індеттің өршуіне байланысты наурыз айында оқу орындары қашықтан оқытуға көшкен болатын. Қазір елдегі ауыз су тапшылығы онсыз да жағдайы мүшкіл эпидемиалогиялық ахуалды одан бетер күрделете түсті. БҰҰ-ның мәліметі бойынша ел тұрғындарының 35%-і таза суға зәру. Салдарынан тиісті санитарлық талап та орындалмай отыр. 

Хабар 24 телеарнасы