429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тағы сайлауды пошта арқылы өткізуге ақша бөлетін заң мақұлданды

  • 175
  • UPD: 16:11, 23.08.2020

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы президенттік сайлау кезінде дауыс беруді пошта арқылы жүзеге асыру үшін қазынадан 25 млрд доллар бөлу туралы заң жобасын мақұлдады.

Естеріңізге салайық, президенттік сайлау ағымдағы жылдың қарашасында өтуі тиіс.

Құжатқа сәйкес, пошта ведомствосына қандай да бір реформа жүргізуге тыйым салынды. Дауыс беру кезінде заң жобасын 257 конгресмен қолдаса, қалған 150-і қарсы шықты. Енді құжат Сенаттың қарауында. Алайда палата мүшелерінің басым бөлігі республикашылдар екенін ескерсек, заңның Сенатта қабылдануы екі талай дейді сарапшылар.

Хабар 24 телеарнасы