426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19 жұқтырған Юлия Тимошенконың жағдайы ауыр

  • 149
  • UPD: 10:24, 24.08.2020
COVID-19 жұқтырған Юлия Тимошенконың жағдайы ауыр фото: rbc.ru

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың коронавирус жұқтырғаны расталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Бұл туралы саясаткердің баспасөз хатшысы хабарлайды. Оппозициялық партия жетекшісінен бөлек, індетті оның қызы мен күйеу баласы да жұқтырған. Жалпы осы Украинада соңғы күндері коронавирусты жұқтыру деректері артып барады. Мұнда расталған оқиғалар саны 105 мың шамасында. Індет ел астанасы Киевте өршіп тұр. Мұнда бір күнде 307 жаңа оқиға тіркеліп, тәуліктік антирекорд орнады.

Хабар 24 телеарнасы