426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Навальныйды қасақана уландыру Ресей басшылығына тиімсіз – РФ СІМ

  • 179
  • UPD: 16:48, 26.08.2020

Алексей Навальныйды қасақана уландыру Ресей басшылығы үшін тиімді емес. Көрші елдің Сыртқы істер министрілігінің сайтында осылай делінген.

Тиісті мәлімдеме Ресейдің сыртқы істер министрі мен АҚШ мемлекеттік хатшысы бірінші орынбасарының кездесу қорытындысы бойынша жария етілді.

Бұған дейін АҚШ билігі Навальныйды қасақана уландыру дерегі расталса, американдықтар Еуроодақтың бұл істі толық тергеу үндеуін қолдайтынын жеткізген.

Айта кеткен жөн, Алексай Навальный 20 тамызда Томск қаласынан Мәскеуге бет алған ұшақта өзін нашар сезінген. Салдарынан ол Омсктегі аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Ал екі күннен кейін оппозиционерді емдеу үшін Германияға жеткізді. Неміс дәрігерлері тексеру нәтижесі бойынша оның уланғанын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы