424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ким Чен Ын халық алдына шықты

  • 207
  • UPD: 15:31, 26.08.2020
Ким Чен Ын халық алдына шықты

Ким Чен Ын екі аптадан  бері алғаш рет халық алдына шықты. Елдің бұқаралық ақпарат құралдары оның Еңбек партиясы мүшелерімен ұйымдастырған отырысының бейнежазбасын ұсынған.

Басқосуда Ким Чен Ын аймақтағы коронавирус індетіне қатысты бірқатар мәселелерді пысықтаған.

Ақпарат көздері Солтүстік Корея көшбасшысының денсаулығы жақсы екенін хабарлайды.

Естеріңізге салайық, осы аптада әлемдік БАҚ өкілдері оның «есін білмей жатыр» деген хабарды жарыса жазған болатын. Бұл мәліметті Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентінің көмекшісі де растаған.

Айта кетейік, таяуда Ким Чен Ын өз өкілетінің бір бөлігін көмекшісі әрі қарындасы Ким Ё Чжонға тапсырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы