Израиль әуе күштері Сирия астанасы Дамаск маңындағы Иран жасақтарының нысандарына соққы беріп, 2 адам қаза тапты.
Тағы да жеті кісі жарақат алды. Шабуыл Хермон тауы мен Голан жоталарынан жүзеге асырылған. Сирия әуе қорғаныс күштері бірнеше зымыранды атып түсіргенін мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, Израиль әскерилері Дамаск әуежайы маңындағы қару-жарақ қоймасы мен тексеру-бақылау бекеттерін нысанаға алған.
Алайда ресми Тель-Авив ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.