426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада отбасылық жанжалдан болған атыстан бес адам көз жұмды

  • 113
  • UPD: 10:33, 05.09.2020
Канадада отбасылық жанжалдан болған атыстан бес адам көз жұмды фото: CBC News

Онтарио провинциясында Ошава қаласында отбасылық жанжалдан атыс басталып, 5 адам қаза тапты.

Тағы бір адам ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасап, CBC телеарнасы хабарлайды.

Канада полициясының өкілі Джордж Тадостың айтуынша, қаза болғандардың арасында екі жасөспірім, екі ер адам мен әйел бар. Сондай-ақ оқ атқан адам да мерт болды.

Көршілері қайғылы оқиға болған үйде 4 баласы мен ерлі-зайыпты мұғалімдер тұрып жатқанын айтқан. Оқиған себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы