429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехияда күніне 1000-нан астам адам коронавирус жұқтырады

  • 150
  • UPD: 08:51, 10.09.2020
Чехияда күніне 1000-нан астам адам коронавирус жұқтырады

Чехияда індеттің таралуының күшеюіне байланысты бетперде тағып жүру режимі қатаңдатыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі соңғы аптада бұл елде күн сайын вирус 1000-нан астам адамнан анықталуда. Осыған байланысты сауда орындары мен дүкендерде бетперде тағу міндеттелді. Бұдан бөлек түнгі клубтар мен мейрамханалардың жұмыс уақыты қысқартылып, түнгі 00:00-ден таңға дейін жұмыс істеуіне тыйым салынды.

Нанета Джиракова, даяшы:

- Адамдар бетперде тағып жүрсе, өзіңді қауіпсіз сезінесің. Бұл вирустан 100% қорғайды деп айта алмаймын, бірақ індеттің таралуын бәсеңдетеді.

Хабар 24 телеарнасы