426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам көз жұмды

  • 118
  • UPD: 00:01, 13.09.2020
Ресейде жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам көз жұмды фото: mir24.tv

Мәскеу маңындағы Щёлково елді мекенінде SportStar жеңіл моторлы ұшағы қатты келіп қонды.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі бортта болған екі адам да қаза болғанын хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ жартылай су толтырылған құмды карьерге құлаған. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 36 адам және 11 техника бірлігі жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы