426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте жүздеген хасид Украинаға өте алмай отыр

  • 108
  • UPD: 08:53, 16.09.2020
Беларусьте жүздеген хасид Украинаға өте алмай отыр

Беларусьте жүздеген хасид көрші Украинаға өте алмай, арадағы шекарада қалып қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар еврей күнтізбесі бойынша жаңа жылды атап өтпек болған. Сол үшін Украинаның Умань қаласындағы киелі орынға бет алған. Олар елге көрші Беларусь арқылы өтпек болыпты. Алайда Украинадағы эпидемиологиялық ахуал нашарлағасын, шекарашылар оларды елге кіргізбей отыр.

Украина тарабы шекара 28 қыркүйекке дейін жабық болатынын айтып отыр. Алайда хасидтер алған бетінен қайтар емес. Олар дәстүрлі киімдерін киіп алып, ән айтып, би билеп жүр. Қазір шекаралық аймақта 700-ден аса хасид бар. Арасында балалар мен қарттар аз емес. Бұл ретте Израильдің ішкі істер министрі президент Владимир Зеленскийден оларды Украинаға өткізуін сұрап отыр.

Хабар 24 телеарнасы