427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусь Польша және Литвамен шекарасын жапты

  • 163
Беларусь Польша және Литвамен шекарасын жапты

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Польша және Литвамен шекараларын жауып, Украинамен араны мықтап күзететінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Мұндай қадамға амалсыз барып отырғанын айтып, жағдай шиеленісе түссе мәселе ушығатынын да тілге тиек етті. Беларусь басшысы осы үш елдің халқына үндеу жолдап, өз саясаткерлерінің кейбір әрекеттеріне тоқтау салып, соғысқа жол бермеуге шақырды.

Александр Лукашенко, Беларусь президенті:

– Олардың ой түбінде не жатқанын ұқпадым. Нағыз майдан ашуға бекініп отыр ма? Олай болған күнде не ұтады. Біз сақтық шараларына жете мән беріп жатырмыз. Шебіне болмаса да шегіне тақап қалды. Қамсыз отыруға болмайды. Тіпті бауырлас санайтын Украинамен де байқап сөйлесетін секілдіміз. Мемлекеттік шекара күзетін күшейтуге мәжбүрміз.

Хабар 24 телеарнасы