428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерде су тасқыны салдарынан 9000 босқын зардап шекті

  • 148
  • UPD: 20:08, 19.09.2020
Нигерде су тасқыны салдарынан 9000 босқын зардап шекті

Нигерде шілде айынан бері жалғасып келе жатқаны жауын мен су тасқынынан 9 мың босқын зардап шеккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі агентті мәлімдеді. Баспанасынан айырылып, таза су мен азық-түліксіз қалған жұрт арасында безгек, тырысқақ секілді аурулардың таралу қаупі күшейген. Нигерде толассыз жауған жаңбыр салдарынан ел астанасы Ниамей қаласы маңындағы су бөгеті бұзылды. Салдарынан елде апатты жағдай қалыптасып, халық әбігерге түсті. Тасқыннан 30 мыңнан астам үй қирады. 330 мыңға жуық адам жапа шекті. 5 гектар егістік алқабы бүлінді.

Хабар 24 телеарнасы