427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадридтің кей аудандарында шектеулер қайта енгізіледі

  • 135
  • UPD: 09:23, 20.09.2020
Мадридтің кей аудандарында шектеулер қайта енгізіледі

Испания астанасында індеттің күшеюіне байланысты бірқатар ауданда шектеу шаралары қайта күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу 850 мың адам тұратын аудандарды қамтымақ және ол екі аптаға созылады. Тұрғындар үйлерінен тек жұмысқа, мектепке немесе дәрігерге қаралу үшін ғана шыға алады. Саябақтар жабылып, дүкендер кешкі сағат 22:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. 6 адамнан көп кісінің жиналуына тыйым салынады. Бірақ кей тұрғындар шектеулер негізінен кедей аудандарға енгізілгелі жатқанын айтып, шағымдануда. Ал ресми дерекке қарағанда, Испанияда 625 мыңнан астам адам дертті жұқтырған. Олардың үштен бірі осы Мадрид қаласы аймағында тіркелген.

Фелли, жергілікті тұрғын:

-Бұл шектеулер мүлдем пайдасыз. Себебі метроларда адам көп. Оған таңертең ерте тұрып барсаң да, жолаушылар көп болады. Вирусты жұқтырмау мүмкін емес. Сондықтан бұл шектеулердің індетпен күресте пайдасы аз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы