428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Австрия үкіметі жаңа шектеу шараларын енгізді

  • 140
  • UPD: 18:51, 21.09.2020
COVID-19: Австрия үкіметі жаңа шектеу шараларын енгізді

COVID-19 жұқтыру дерегі артқаннан кейін Австрия үкіметі жаңа шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді жабық бөлмелерде 10 адамнан артық жиналуға тыйым салынды. Бұл туралы Австрия канцлері Себастьян Курц жариялады. Елде маусым айының соңынан бері науқастар саны өсіп келеді. Ал соңғы бірнеше аптада коронавирусты жұқтыру деректері күрт артты. Соңғы рет елде осындай үрдіс наурыздың соңында байқалған болатын. Ал таяуда Германия және Бельгия үкіметтері «эпидемиологиялық ахуалға байланысты Австрия астанасына бару қауіпті» деп тұрғындарына ескертті.

Хабар 24 телеарнасы