432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 208
  • UPD: 09:28, 23.09.2020
Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды фото: zakon.kz

Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облысында жаңбыр селдетіп, қатты жел тұрады. Қарағанды өңірінде үсік жүріп, күн суытады. Бұл аймақта ауа температурасы бірден минус үшке дейін төмендейді. Ал Қазақстанның шығысы мен Қызылорда, Ақтөбе облыстарында жел күшейеді, батысты тұман басады. Елордада желдің екпіні артып, жауын жаууы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы