430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда бензинмен жүретін көлік сатылымына тыйым салынады

  • 135
  • UPD: 14:10, 24.09.2020
Калифорнияда бензинмен жүретін көлік сатылымына тыйым салынады DriveNN.ru

Калифорнияда 2035 жылға қарай бензинмен жүретін жаңа көліктерді сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы штат губернаторы Гэвин Ньюсом мәлімдеді. Шешім ауаға шығарылатын зиянды газдардың мөлшерін азайтып, климаттың өзгеруімен күресу үшін қолға алынбақ. Алайда көлік жасау компаниялары бастаманы жүзеге асыру мүмкін емес деп отыр. Айта кетейік, Калифорния – АҚШ-тағы ең ірі автонарық. Елдегі барлық көлік сатылымының 11 проценті осы штаттың үлесінде. 

Гэвин Ньюсом, Калифорния штатының губернаторы:

– Калифорния штатында ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың 50 проценттен астамы көлік саласына тиесілі. Оның 41 проценті тікелей көліктерге қатысты болса, 11 проценті жанармай өндірумен байланысты. Сондықтан 2045 жылға дейін 100 процент көміртексіз экономика құрсақ деген мақсатымыз бар. Бұл экономиканы әртараптандыруға, инновацияларды жылдам жүзеге асыруға жол ашады.

Хабар 24 телеарнасы