427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда бір тәулік ішінде COVID-19-дың 21 жаңа жағдайы анықталды

  • 172
  • UPD: 09:44, 01.10.2020
Қытайда бір тәулік ішінде COVID-19-дың 21 жаңа жағдайы анықталды

Өткен тәулікте Қытайда коронавирустық инфекцияның 21 жаңа жағдайы анықталды.

Бұл туралы ТАСС ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

11 науқаста ауру белсенді, ал қалған онында асимптоматикалық түрде жүріп жатыр.

Тіркелген барлық жаңа ауру сырттан келген. Олардың жетеуі Шанхайда, екеуі Гуандун провинциясында, біреуі Сычуань және Шэньси провинцияларында табылды. Жаңа өлім жағдайлары тіркелген жоқ.

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Қытайда коронавирустан 4 634 адам қайтыс болды, барлығы 85 414 инфекция анықталды, ауруханалардан 80 594 науқас шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы