428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте 100 ерікті ресейлік вакцинаны салдырды

  • 80
  • UPD: 16:49, 02.10.2020

Беларусь халқы коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина «Спутник V-ті» қабылдаған алғашқы шетелдіктер атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауы бойынша екпені 100 адам салдырған. Еріктілердің денсаулығы медициналық қызметкерлердің бақылауында болады. Мамандар ресейлік вакцинадан көп үміт күтіп отыр.

Лариса Казак, дәрігер:

- Алдағы уақытты бұл клиникалық сынама жұмыстары сәтті аяқталып, әлем қауымдастығы қауіпті инфекциямен күрес жолында тиімді нәтиже беретін вакцина алады деген үміттемін.

Бұл арада Бразилияның Сан-Паулу қаласында жаңа оқу жылына дайындық басталды. Осыған орай билік 770 мың ұстаз бен оқушыдан коронавирусты анықтайтын тест алмақ. Бұл арқылы басшылық мектептегі эпидемиологиялық қауіптіліктің алдын аламыз деп отыр. Мұндай жаппай тестілеуден Мадридтегі ауданның бірі де өтті. Бұл мақсатта денсаулық сақтау министрлігі 5 миллион вирусты жылдам анықтайтын тегін тест бөлген. Нәтижесінде тұрғындардың 1%-інен ғана қауіпті кесел анықталыпты.

Фернандо Симон, Испания ескерту және төтенше жағдайды үйлестіру орталығының директоры:

- Эпидемияны бақылауда ұстау үшін қолдан келгенін жасап жатырмыз. Десе де, вирустың тарау жылдамдығы өте жоғары. Мадридте енгізген шектеу шаралары нәтижесін берді. Дегенмен, алдағы уақытта ережені тағы да қатаңдататын боламыз.

Ал, Куба болса, керісінше, елдегі карантинді жеңілдетуге көшкен. Онда коменданттық сағат алынып тасталынды. Қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданып, дүкен, мейрамханалар есігін ашты. Тек олар келушілердің 60%-ін ғана қабылдайды. Мектептерді қараша айынан бастап қайта ашу жоспарланған. Гавана әкімшілігі елде індетті жұқтырғандар саны екі есеге төмендегінін айтады.

Хабар 24 телеарнасы