428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехияда төтенше жағдай режимі енгізіледі

  • 169
  • UPD: 14:18, 02.10.2020
Чехияда төтенше жағдай режимі енгізіледі фото: eadaily.com

Еуропа елдері COVID-19-ды жұқтырғандар санының артуына байланысты шектеу шараларын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, Чехия елі 5 қазанан бастап төтенше жағдай режимін енгізді. Қатаңдатылған ереже бір ай бойы сақталады. Сондай-ақ билік инфекциялық бөлімнің дәрігерлеріне жеңіл болу үшін медициналық сала студенттерін көмекке тартпақ. Себебі онда кадр тапшылығы сезілуде. Одан бөлек, ауруханаларда дәрі-дәрмек жетпей жатыр. Ал, Прагада жағдай тіптен қиын. Науқастардың көптігінен өкпені жасанды желдету аппараты бар..емханада орын қалмаған.

Айта кетейік, Чехияда коронаиврусты жұқтырғандар саны 70 мыңға жетті.

Хабар 24 телеарнасы