428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия үкіметі төтенше жағдай тәртібін ұзартпақ

  • 101
Италия үкіметі төтенше жағдай тәртібін ұзартпақ

Италияда індеттің қайта күшеюіне байланысты үкімет елде төтенше жағдай тәртібін ұзартуды көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министр Джузеппе Конте жуық арада парламентке осындай ұсыныс жасамақ. Шара індетпен тиімді күресу үшін қажет дейді үкімет басшысы. Апеннин түбегінде сәуір айынан бері алғаш рет 2 мың адамның вирусты жұқтырып алу дерегі тіркелді. Дерттің таралуының өсуіне байланысты Рим мен Лацио аймағында көшеде бетперде тағып жүру міндеттелді. Жалпы бұл елде індет таралғалы 320 мыңға жуық адам вирусты жұқтырып, дерттен 35 мыңнан астамы көз жұмды.  

Джузеппе Конте, Италия премьер-министрі:

– Үкімет парламентке жуық арада төтенше жағдай режимін ұзартуды ұсынатын болады. Шешім министрлер кабинетінің отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Біз төтенше жағдай тәртібін келесі жылдың қаңтар айының 31-іне дейін созсақ деген ниеттеміз.

Хабар 24 телеарнасы