432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Париж қауіптілігі жоғары аймақ деп жарияланды

  • 132
  • UPD: 22:12, 05.10.2020

Франция астанасындағы жағдай қиын. Парижде 12 мыңнан аса жаңа дерек расталды. Шаһар қауіптілігі жоғары аймақ деп жарияланды. Мұның бірнеше себебі бар. Қалада коронавируспен ауыру деңгейі, қарттар арасында індетті жұқтыру мен жансақтау бөліміндегі ковид-науқастар саны шекті межеден асып кетті.

Ертеңнен бастап 15 күнге жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Мәселен, Париждегі білім беру мекемелері оқушылар мен студенттерінің тең жарымын қашықтан оқуға көшіру керек. Мейрамхана мен дәмханалардың қызметіне қатысты талап күшейтілді. Тамақтану орындарына келушілердің жеке тұлғасына қатысты ақпарат болуы тиіс. Вирусты жұқтыру оқиғасы тіркелсе, мамандар олармен байланысқа шыға алады. Үстелдер арасында бір жарым метр арақашықтық сақталып, тамақтану орындары түнгі 22:00-ден кейін жұмысын тоқтатады. Бұл әрине коронавирус кесірінен нанын әрең тауып жүрген мейрамхана иелерінің көңіліне кірбің түсірді.  

Ален Фонтен, мейрамхана иесі:

- Негізі коронавирус жұқтырудың ұлттық деңгейін алып қарайтын болсақ, мейрамханалардың үлесіне деректердің тек аз проценті ғана тиесілі. Университет, мектептерде немесе түрлі компанияларда бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары екені белгілі. Сондықтан дәл біздің салада шектеулердің осыншама күшейтілуі түсініксіз.

Хабар 24 телеарнасы