427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливан ауруханаларында бос орын жоқ

  • 111
  • UPD: 08:09, 06.10.2020
Ливан ауруханаларында бос орын жоқ

Ливан астанасы Бейруттегі ауруханаларда бос орын жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы күндері елде коронавирусты жұқтырғандар саны қайта артып кетті. Мәселен, өткен демалыс күндері тәулігіне 1300 жаңа науқас тіркелген. Одан бөлек, елдегі экономикалық дағдарыс пен жақында болған жарылыс тағы бар. Салдарынан медициналық мекемелерде орын тапшылығы сезілген. Дәрігер мен қызметкерлер де жеткіліксіз. Дәрі-дәрмек тіпті жоқтың қасы.

Айта кетейік, пандемия басталғалы вирус Ливанда 43 мың адамнан анықталған. 400 адам кеселмен күресе алмай, көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы