428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкектегі қақтығыс: бір адам қаза тауып, 600-ге жуығы жараланды

  • 111
  • UPD: 13:27, 06.10.2020
Бішкектегі қақтығыс: бір адам қаза тауып, 600-ге жуығы жараланды Известия

Бішкектегі тәртіпсіздіктерден 1 адам қаза тауып, 600-ге жуығы жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 13-і жансақтау бөлімінде. Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Өткен түнде Бішкекте наразылық шерулері парламенттік сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін басталды. Бейбіт шара кешке қарай қақтығысқа ұласты. Ереуілшілер парламент ғимараты алдындағы қоршауды бұзып өтпек болып, күзетшілерге тас лақтырған. Ал тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ бен резеңке оқ атып, шерушілерді күшпен таратып жіберді.

Қақтығыс басталғаннан кейін алғашқы екі сағатта полиция шерушілерді орталық алаңнан ығыстыра алды. Осыдан кейін қақтығыстар іргелес көшелерде жалғасты. Біртіндеп ереуілшілер саны артты. Олар парламент ғимаратына басып кіріп, президент кабинетінің тас талқанын шығарып, өрт қойды.

Қырғызстанда ереуілшілер Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатып алды

Қырғызстанда сайлау нәтижесіне көңілі толмағандар митингке шықты

Бішкектегі қақтығыс кезінде 120-ға жуық адам жарақат алған

Бішкекте парламент ғимараты өртенді

Бішкектегі қақтығыс: елдің жікке бөліну қаупі бар

Президент Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады

Президенттің баспасөз хатшысы Қырғызстандағы жағдайға пікір білдірді

Хабар 24 телеарнасы