432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бакуде Түркия және Әзербайжан СІМ басшылары кездесті

  • 133
  • UPD: 22:46, 06.10.2020
Бакуде Түркия және Әзербайжан СІМ басшылары кездесті

Бакуде Әзербайжан және Түркия Сыртқы істер министрлігі басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар жиын барысында Таулы Карабахтағы жағдайды талқылады. Түркия сыртқы істер министрі Анкара Әзербайжанды қолдауды жалғастыратынын айтты. Чавушоглу сондай-ақ ОБСЕ құрамындағы Минск тобының бейтарап ұстанымын сынға алды. Оның айтуынша, бұл топтың Таулы Карабахтағы шиеленісті реттеуге қатысты нақты жоспары жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Армения сыртқы істер министрлігі Минск тобына мүше Сыртқы істер министрліктері басшыларының мәлімдемесі маңызды екенін айтақан еді. Бұл елдер Таулы Карабахтағы зорлық-зомбылықты қатаң сынға алып, тараптарды оқ атпауға шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы