432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та вице-президенттікке үміткерлердің пікірсайысына қызу дайындық жүріп жатыр

  • 112
  • UPD: 17:41, 07.10.2020
АҚШ-та вице-президенттікке үміткерлердің пікірсайысына қызу дайындық жүріп жатыр

Солт-Лейк-Ситиде өтетін іс-шарада барлық санитарлық норма сақталмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық партиядан үміткер Майк Пенс пен демократ Камала Харрис әйнектен жасалған арнайы қоршауда, 3 жарым метрлік арақашықта пікір алмасады. Қатысушылар алдын ала коронавирусқа тест тапсырады.

Айта кетейік, бір жарым сағаттық пікірсайыс Юта университетінің «Кингсбери Холл» залында өтеді деп жоспарланған. Теледебат сәрсенбі күні кешке басталып, 10 минуттан 9 бөлімге бөлінеді. Әр бөлімде өзекті тақырыптар қозғалады.

Хабар 24 телеарнасы