428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда балалардың жолдан өтуіне көмектесіп жүрген ит әлеуметтік желіде танымал болды

  • 114
  • UPD: 15:07, 09.10.2020

Жылдың басында жарияланған бұл бейне Грузияның әлеуметтік желілерінде тез тарап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батуми қаласындағы көшелердің бірінде бұл ит балаларды жолдан өткізіп, автокөліктерге үреді. Жол қауіпсіздігін қадағалайтын осы жануардың қамқоршысы да бар екен.

Нона Закареишвили, иттің иесі:

- Бізге ол осыдан бес жыл бұрын келді. Итті күтіп, тамағын беретінмін. Қыста тоңып қалмасын деп қарап жүрдім. Бірақ үйіме жібермейтінмін. Осылай екі жыл өтті. Ол маған үйреніп, үнемі есігімнің қасында отырады. Жаным ашиды, дегенмен өзімнің де итім бар, овчарка, бір-бірімен басы қосылмайтын тұқымдар. Бірақ уақыт өте, әрине бойы үйреніп қалды. Атағы шыққаннан кейін көп адам бұл итті өзіне алуға ниет білдірді. Бірақ ол менен айырылғысы келмейді. Ылғи артымнан ереді. Қайда барсам да, дүкен немесе дәріхана қасында мені күтіп тұрады.

Бұл иттің аты көп. Бим деп те, Курша деп те атайды. Бірақ жұртқа ол Купата деген есімімен танымал. Бұл атты жергілікті ет сатушы қойған. Грузиндердің ұлттық шұжығының жуан бір түрі осылай аталады екен. Иттің иесіне бұл ат ұнамайды. Қоң ала бастағалы денсаулығы да сыр берген. Жергілікті ветеринарлар танымал итті тегін емдейді екен.

Георгий Каландадзе, ветеринар:

- Одан сараптама алдық. Салмағы шамадан асып, бауырын май басқанын анықталды. Асты да дұрыс қорытпайды. Сондай-ақ қанында фосфор үлесі көп. Біздің ойымызша, бұл ит қыдыратын саябақта фосфор тыңайтқыштарын қолданылады. Қазір диета бойынша тамақтандырамыз. Өйткені бәріміз де кінәліміз. Купатаның танымалдығы артқан соң, оған бұрышы бар шұжық пен ет секілді зиянды тамақты бере бердік. Сондықтан тұрғындардан оған тамақ бермеуін сұраймыз.

Бұл ит далада өскендіктен, мінезі де қырсық. Бірақ балаларға өте жақын және бөтен адамдардан да жатырқамайды. Қазір де көше қиылысын қалдырмай, балалармен қатар ересектерді де жолдан өткізіп жүр.

Авторы: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы