428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан президенті елдің премьер-министрін қызметінен босатты

  • 189
  • UPD: 15:09, 09.10.2020
Қырғызстан президенті елдің премьер-министрін қызметінен босатты

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министр Куатбек Бороновтың отставкасы туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы қырғыз елі басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Заңға сәйкес министрлер кабинеті жаңа үкімет жасақталғанша өз міндеттерін атқаруы тиіс. Бірақ премьер-министр Куатбек Боронов өз қызметінен толық бас тартуына байланысты премьердің міндеті бірінші вице-премьерге жүктеледі.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда өткен дүйсенбі күні парламенттік сайлаудың қорытындысы жариялана салысымен наразылық шерулері басталып, оның соңы қақтығысқа ұласты. Қазанның 6-сы күні премьер-министр Куатбек Боронов қызметтен босату туралы өтініш білдірді.

Хабар 24 телеарнасы