432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Дельта» дауылы АҚШ-тың Луизиана штатына қарай бет алды

  • 130
  • UPD: 15:52, 09.10.2020
«Дельта» дауылы АҚШ-тың Луизиана штатына қарай бет алды

Мексиканың бірқатар аймағын басып өткен «Дельта» дауылы АҚШ-тың Луизиана штатына қарай бет алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүлей желге байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланып, табиғат апатына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Штаттағы мұнай өндіру уақытша тоқтатылған. Себебі дүлей желдің екіпіні Мексика шығанағында қайта күшейген. Ал Мексиканың Юкатан түбегінде дауылдан 250 мыңнан астам адам жарықсыз қалған. Дүлей жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, дауылмен бірге жауған жаңбырдан мекендерді су басқан.

Хабар 24 телеарнасы