432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Билл Гейтс қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолын атады

  • 134
  • UPD: 11:11, 12.10.2020
Билл Гейтс қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолын атады

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс адамзат COVID-19 пандемиясын қалай толық жеңетінін айтты.

Оның пікірінше, қалыпты өмірге оралудың басты шарты – коронавирусқа қарсы екпе алу.

«Адамдардың қалыпты өмір салтына оралуының жалғыз жолы – өте тиімді және қолжетімді вакцина алу», - деді Гейтс.

Microsoft-тың негізін қалаушы жаппай вакцинация коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатады деп санайды.

Бұған дейін Билл Гейтс коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын болжаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы