430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хорватияда коронавирусты жұқтырғандар көбейді

  • 84
  • UPD: 10:25, 15.10.2020

Хорватияда вирустың таралуы артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте 700-ден астам адам дертті жұқтырып алған. Бұл – Хорватияда індет таралғалы ең жоғарғы тәуліктік көрсектіш. Індетті тоқтату үшін билік шектеулерді қатаңдатып жатыр. Жабық қоғамдық орындарда міндетті түрде бетпердемен жүру тәртібі енгізілді. Мейрамхана мен дәмханалардың түнгі 12-ден кейін жұмыс істеуіне тыйым салынды. Ал қоғамдық іс-шараны өткізу үшін жергілікті органдардан арнайы рұқсат алу қажет.

Айта кетейік, Хорватияда 22 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып, 300-ден аса науқас қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы