427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ХВҚ: Әлем елдері жалпы ішкі өнімнің 28 трлн долларынан айырылуы мүмкін

  • 71
  • UPD: 09:55, 15.10.2020
ХВҚ: Әлем елдері жалпы ішкі өнімнің 28 трлн долларынан айырылуы мүмкін

Коронавирус кесірінен әлем елдері алдағы 5 жылда жалпы ішкі өнімнің 28 триллион долларынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық валюта қорының директоры Кристалина Георгиева осылай дейді. Оның айтуынша, қазір аталған мекеме індеттен зардап шеккен елдерді мейлінше қолдап келеді. Мәселен, осы уақытқа дейін қор 81 мемлекетті қаржыландырған. Сонымен қатар елдерді несиелеу міндеттемелерін 280 миллиард долларға дейін арттырыпты. Жалпы, халықаралық валюта қоры қазір барлық мемлекетті жасыл экономикаға ден қойып, инвестиция салуға шақырып отыр. Ал ел үкіметтерін жұмыссыз қалған азаматтарды, әйелдер мен жастарды қолдауға бағытталған шаралар қабылдауды ұсынады.

Кристалина Георгиева, ХВҚ директоры:

– Қазір әлем елдері вируспен бірге өмір сүруге дағдыланып жатыр. Біздің болжамымыз бойынша, 2021 жылы әлем экономикасы ішінара қалпына келіп, 5,2 процентке артады. Жалпы қазір барлық мемлекет қиын жағдайға тап болып отыр. Бірақ кез келген дағдарыс бұл жаңа мүмкіндік екенін ескерген жөн.

Хабар 24 телеарнасы