430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадалық компания жұмыс уақытында серуендейтін қызметкерлеріне ақы төлейді

  • 99
  • UPD: 10:03, 15.10.2020
Канадалық компания жұмыс уақытында серуендейтін қызметкерлеріне ақы төлейді Adweek

Канаданың қыстық киімдер тігетін Canada Goose компаниясы қызметкерлеріне аптасына бір рет бір сағат таза ауада серуендеп, жаттығу жасауға мүмкіндік береді.

Бұл уақыт төленеді, деп жазады Adweek.

«Таза ауада өткізілген уақыт адамның психикалық денсаулығына, қан қысымының қалпына келуіне, күйзелістен арылып, көңіл-күйдің жақсаруына әсер ететіні ғылыми дәлелденген», - дейді ұйымның маркетинг жөніндегі директоры Пенни Брук.

Бруктің сөзінше, бұл тәжірибе әсіресе пандемия кезінде, яғни адам денсаулығы бірінші орынға шыққанда өте пайдалы.

Ол компания қызметкерінің серуендеуге жұмсаған бір сағат уақыты жұмыс уақыты секілді есептелетінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы